Жарты жылда Өзбекстан экономикасы 7,2 пайызға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 шілде

Қаңтар-маусым айлары аралығында Өзбекстанның ішкі жалпы өнімі 7,2 пайызға өсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 1,1 пайызға көп, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінен мәлім еткендей, құрылыс саласында 10,7% өсім байқалды. Сонымен қатар, ауыл, орман және балық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы бағыттарындағы жобалар оң нәтиже бере бастады.

Мұнымен бірге, инфляция былтырмен салыстырғанда 5,2 пайыздан 4,2 пайызға дейін баяулап, халық табысының өсімі 11,9 пайыздан 9,5 пайызға дейін кеміді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото