Жыл амалдарының бірі - сарша тамыз

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 шілде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бәріңе сәлем, мен саяхаттағанды жақсы көретін Сисимін! Бүгін - 24 жыл амалының бірі сарша тамыз, әрі жаздың шырқау шыңы мен жаз маусымындағы соңғы амал. Қазір мен «Жалын өлкесі» деп аталатын Тұрпандамын. Менімен бірге нағыз шілденің шіліңгір ыстығын сезініңіздер!

Сарша тамыз(Дашу)- фермерлер уақытпен жарысып, егін жинап, егін егетін алтын кезең. Яғни ерте пісетін астықтарды жинап, өнімді қамбаға салады; жай пісетін күріштерді егіп, егін уақытын қолдан бермейді. Оның артында қытайлық егіншілік өркениетінің жыл амалдары ырғағымен шыңдалған өмір сүру даналығы жатыр.

Осы уақытта Тұрпандағы Жалын тауының жер бетіндегі температурасы 70℃-тан жоғары болады. Бірақ осындай аптап ыстық тәтті жеміс береді. Жүзім аңғарында інжу маржандай жемістер жүзім ағашында самсып, ауадан да жемістің исі аңқиды. Бұл тәттілік екі мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған керемет өнертабыс кәрізден бастау алады. Жерасты суы қиыршық тастар арқылы шығып, 10 000 му бақшаны нәрлендіріп жатыр. Бұл «Табиғат пен адам тұтастығы» дейтін экологиялық даналықтың куәсі.

Әлемнің басқа жерлерінде де адамдар аптап ыстықпен әртүрлі тәсілмен «жарасым тапқан». Жапонияда шілденің шіліңгір ыстығы «Doyo no Ushi no Hi» тұспа-тұс келеді, бұл күні адамдар денеге қуат толықтау үшін жыланбалық тағамын жейтін болған; Корея Республикасында адамдар әлдену үшін шіліңгір ыстықта ыстық тауық сорпасын ішкен; Таиландта жазғы фестиваль жаңбырлы маусымның шымылдығын ашады. Бұл күні адамдар шам жағып, ғибадатханаға келіп, жаздың аптап ыстығына тыныштық пен салт-дәстүрлері арқылы құрмет білдірген.

«Аптап ыстық қашан өтеді, салқын самал қайда екен?». Жаздың соңғы жыл амалы болған сарша тамыз табиғаттың ең жарқын көрінісі және өмірдің ыстық жаңғырығы. Сіз ыстықпен қалай күресесіз? Бірегей ыстықты қайтаратын даналығыңыз барма? Естен кетпес жазғы әңгімелеріңіз болса да болады? Бар болса бізбен ортақтасыңыз!

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото