Шыңжаңда Қытай-Орталық Азия кедейлікті азайту мен білім беру барыс-келіс және ынтымақтастық орталығы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 шілде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Екінші Қытай-Орталық Азия саммитінде ашылған Қытай-Орталық Азия кедейлікті азайту ынтымақтастық орталығы мен білім беру барыс-келіс және ынтымақтастық орталығы Шыңжаңда маңдайшалығын ілді. Нақтырақ айтсақ орталық 21 шілдеде Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Ауыл шаруашылығы және Ауылдық істер департаменті мен Білім департаментіне қоныс тепті.

Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығы аясында кедейлікті азайту, білім берудегі алмасу, шөлейттенудің алдын алу және бақылау бойынша үш ірі ынтымақтастық орталығын құру екінші Қытай-Орталық Азия саммиттің маңызды жетістігі болып табылады. Шыңжаңдағы екі орталықтың маңдайшалығын ілуі, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы кедейлікті азайту және білім беру саласындағы алмасулар мен ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Орталық Шыңжаң мен Орталық Азия елдері арасындағы практикалық алмасулар мен өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа кеңістік құрды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото