Гуанси Қытай-АСЕАН жасанды интеллект ынтымақтастығының «үздік арнасы» атанды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 шілде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 19 шілдеде жасанды интеллекттің қолдауындағы әр саланың ұласпалы жарысы Гуансиде басталды. Шараның ашылу салтанатында Гуанси жасанды интеллекттің даму жолын—«Бейжің-Шанхай-Гуанчжоуда зерттеп-әзірлеп + Гуансида интеграциялап + АСЕАН-да қолдану» деп нақты тұжырымдады.

Дамыған аймақтармен салыстырғанда Гуансидің ғылыми және технологиялық инновациялық мүмкіндіктерінің артта екені рас. Алайда, еліміздің АСЕАН-ға ашық есік пен ынтымақтастығының алды және терезесі ретінде оның бірегей географиялық артықшылығы бар. Гуанси географиялық жағынан АСЕАН елдеріне жақын, халықтың барыс-келісі жиі, экономикалық және сауда қатынастары тығыз.

Осы жылдан бастап Гуансидің АСЕАН елдеріне қатысты жасанды интеллект саласындағы дамуы керемет нәтижелерге қол жеткізді. «Гуансидің жасанды интеллект индустриясын дамыту жөніндегі ақ кітапта (2025)» көрсеткендей, АСЕАН-мен ынтымақтастықты ашу тұрғысынан Гуанси Қытай-АСЕАН жасанды интеллект саласындағы инновациялық ынтымақтастық орталығының құрылысын жеделдеткен, ауқымды модельдер мен «жасанды интеллект+» негізгі бағыттарын қамтитын, көлемі шамамен 8 миллиард юань инвестиция болған 40 негізгі жобаға қол қойған. АСЕАН-ның 6 елінен 16 компанияның бірінші партиясы келісімшартқа қол қоюды аяқтады.

Жасанды интеллектті қолданудың әртараптандырылған қажеттіліктері бар аймақ ретінде АСЕАН-ның Қытаймен ынтымақтастығының негізі «технологияның мүмкіндіктерін кеңейту, артықшылқтарды өзара толықтырып, тең ұтысқа жету» болып табылады. Нәтижесінде Гуанси Қытай-АСЕАН жасанды интеллект ынтымақтастығының «үздік арнасы» болды.

Жасанды интеллекттің қолдауындағы әр саланың ұласпалы жарысын бағалау алқасының мүшесі, онлайн «Халық Газетінің» төрағасы және Коммуникациялық мазмұнды танудың ұлттық негізгі зертханасының директоры Е Чжэньчжэнь: «АСЕАН елдеріне бейімдеп, жасанды интеллекттің жалпыға тиімді болуын бірге ілгерілетіп, AI For All жағдайына қол жеткіземіз. Бұл байқау Қытай мен АСЕАН арасындағы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың маңызды оқиғасы болады деп санаймын», - деді.

Жасанды интеллект дәуірінің шымылдығы ашылды. Байқау арқылы даналықты тануға, дарындыларды тартуға, өндірісті дамытуға болады. Сондықтан байқау дәл уақытында өтіп отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото