Air China әуекомпаниясы Үрімжіден Ташкентке бағыт ашты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 шілде

23 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Air China әуекомпаниясы алғаш рет Үрімжіден Ташкентке ұшатын тұрақты рейстерді іске қосты.

22 щілде күні Үрімжі қаласынан ұшқан ұшақ Ташкент халықаралық әуежайына келіп қонды. Boeing-737 әуе кемесімен келген экипаж мүшелері мен жолаушыларға гүл ұсынылып, ұшақ су шашу дәстүрі бойынша күтіп алынды.

Үрімжі-Ташкент-Үрімжі бағыты бойынша Air China рейсі аптасына үш рет, сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото