Хайнань еркін сауда порты 2025 жылдың 18 желтоқсанында бүкіл арал бойынша тәуелсіз тариф жұмысын ресми түрде бастайды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 шілде

23 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Ұлттық Даму және реформалар жөніндегі комитет директорының орынбасары Ван Чанлинь 2 шілде күні өткен баспасөз мәслихатында ҚКП Орталық Комитетінің мақұлдауымен Хайнань еркін сауда порты 2025 жылдың 18 желтоқсанында бүкіл арал бойынша тәуелсіз тарифтік операцияны ресми түрде бастайтынын айтты.

Бұл саясат Хайнань аралында арнайы кедендік қадағалау аймақтарының құрылатынын білдіреді. «Нөлдік тарифтік» тауарлар теріс тізімдерді(Negative list management mode)басқару бойынша жүргізіледі. «Нөлдік тарифтік» тауарлармен қамту айтарлықтай жақсарды. Аталмыш санаттағы тауарларға салынатын салық баптары қазіргі 1900 баптан шамамен 6600 бапқа дейін кеңейтілді. Бұл барлық тауарларға салынатын салық баптарының 74%-ын құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 53 пайыздық тармаққа өсті. Бүкіл арал үшін жеңілдіктердің басым бөлігі негізінен арал бойынша импортқа нақты қажеттіліктері бар әр сала кәсіпорындары мен мекемелердің барлық түрлерін, жеке кәсіпкерлік емес бөлімшелерді және т.б. қамтиды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото