Си Цзиньпин су тасқынының алдын алу және табиғи апаттарды жою бойынша маңызды нұсқаулар берді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 шілде

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин су тасқынының алдын алу және табиғи апаттарды жою бойынша маңызды тапсырмалар берді.

Си Цзиньпин жақында Шығыс Қытайда, Солтүстік Қытайда, Солтүстік-Шығыс Қытайда және басқа жерлерде жауған қалың нөсердің салдарынан су тасқыны мен геологиялық апаттар болып, Бейжің, Хэбэй, Цзилинь, Шаньдун және басқа жерлерде ауыр дәрежеде адамдардың жарақат алып, қаза тапқанын және қазыналық шығындар болғанын атап өтті. Төраға біздің су тасқынының алдын алу, құтқару және табиғи апаттарды жою бойынша нақты жұмыс жүргізуіміз керек екенін, жоғалған және шыға алмай қалған адамдарды іздеу және құтқару, қауіп төнген адамдарды көшіріп, оларды орналастыру, адам шығынын мүмкіндігінше азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет екенін атап көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото