- Барлық ақпарат
Халықаралық саяхатшылар Чэндуда метроға тікелей шетелдік банк карталарымен отыра алады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 шілде
29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 28 шілде күні Чэнду метросы банк картасын сканерлеу арқылы метроға кіру функциясын ресми түрде іске қосты. Жолаушылар Unionpay карталары мен шетелдік Visa, Mastercard және American Express карталары арқылы Чэнду метросының бүкіл желісіне отыра алады. Метроға кіреберіс есіктерде картаны сканерлеп төлегеннен кейін, тұрақты төлем ережелеріне сәйкес автоматты түрде картадан ақша алынады.
Бұл Чэнду қаласының тасымалдау саласындағы отандық және шетелдік жолаушылардың төлем жасауына ыңғайлылық жаратудағы серпіліс. Осылайша Чэнду Бейжің мен Шанхайдан кейін ел іші және сыртының банк карталарымен тікелей метроға төлем жасауға мүмкіндік беретін тағы бір қалаға айналды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online