Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің фитосанитарлық механизмі отырысының қонақтары Тяньцзиньде болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 23 шілдеде Тяньцзинь қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің фитосанитарлық механизмінің отырысы өтті. Кездесуден кейін қатысушы елден келген қонақтар Тяньцзинь портының смарт терминалына, Тяньцзинь портының Еуразия халықаралық контейнерлік терминалының орталықтандырылған инспекциялық алаңына және Тяньцзинь кедендік жануарларды, өсімдіктерді және азық-түлікті сараптау орталығына барып, зерттеу жүргізді. Олар Тяньцзиннің интеллектуалды терминал салу, интеллектуалды кедендік тексеру жүргізу және жануарлар мен өсімдіктер карантині саласындағы тәжірибесімен танысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото