Қазан айында Бейжіңде ҚКП 20-сыншы Орталық Комитетінің төртінші пленарлық отырысы өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясының Саяси Бюросы 30 шілдеде отырыс өткізіп, қазан айында Бейжіңде Қытай Коммунистік Партиясының 20-сыншы Орталық Комитетінің төртінші пленарлық отырысы өтеді деп шешті.

Жиналыстың негізгі күн тәртібіне сәйкес, Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросы өз жұмысы туралы Орталық Комитетке есеп береді. Отырыста Ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамудың «Он бесінші бесжылдығын» тұжырымдау бойынша ұсыныстар зерделенеді.

Сәрсенбіде өткен отырысқа Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин төрағалық етті.

Сондай-ақ отырыста ағымдағы экономикалық жағдай талданып, зерттеледі және биылдың екінші жартыжылдығындағы экономикалық жұмыстар орналастырылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото