Хотан ауданындағы 15 түлекке үкіметтен енші бөлінді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 21 шілде күні Хотан ауданының Базарбойы елді мекенінде үздік оқыған түлектерге үкіметтің «білім алу еншісін» табыстау рәсімі өтті. Ішкі өлкелердегі Шыңжаң орта мектептеріне, университетке өткен 15 үздік оқушының отбасына арнайы бағдарламамен ауылға келген қызмет тобы және ауылдық үкімет тарапынан 15 буаз қой мен 1 тұяқ буаз сиыр тарту етілді.

Бұл бастама «білім алуға көмектесу мен өнеркәсіпті жандандырудың» терең тоғысқанын көрсетеді. Сонымен қатар ауылдағы дарындыларды даярлауға шабыт берді.

Фото:Хотан ауданы 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото