- Барлық ақпарат
Бірінші жартыжылдықта Қытайда шетел инвестициялаған 30 мыңнан астам жаңа кәсіпорын құрылды
30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сауда министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың бірінші жартыжылдығында бүкіл ел бойынша шетелдік инвестицияның қолдауымен 30 014 жаңа кәсіпорын құрылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға жоғары; пайдаланылған шетелдік капиталдың нақты көлемі 423,23 миллиард юаньды құрады. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға аз.
Өнеркәсіп тұрғысынан өңдеу өнеркәсібінде шетелдік капиталды нақты пайдалану 109,06 миллиард юаньды, ал қызмет көрсету саласында шетелдік капиталды нақты пайдалану 305,87 миллиард юаньды құрайды. Жоғары технологиялық салада шетелдік капиталды нақты пайдалану 127,87 миллиард юань болды. Олардың ішінде электрондық коммерцияға қызмет көрсету саласында, химия және дәрі-дәрмек жасау өнеркәсібінде, аэроғарыш және жабдықтар өнеркәсібінде, медициналық құралдар мен жабдықтар өндірісінде шетелдік капиталды нақты пайдалану сәйкесінше 127,1%、53%、36,2%、17,7%-ға өсті.
Капиталдың келу қайнарынан алып қарасақ, АСЕАН аймағындағы Қытайға нақты инвестициялар 8,8% өсті. Ал Швейцария, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Корея республикасынан Қытайға бағытталған нақты инвестициялар 68,6%、59,1%、37,6%、6,3%、2,7%-ға өсті.
(Соның ішінде еркін порт арқылы салынған инвестициялық деректер бар)
people.cn © People's Daily Online