- Барлық ақпарат
Хэнань шай сусындарының бренді ШЫҰ нарығына кіре бастады
30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 23-27 шілде аралығында Хэнань өлкесінің Чжэнчжоу қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Media Think Tank саммиті өтті. Саммиттің «Елші шайханасы» іс-шарасында Ресей, Қазақстан, Пәкістан және басқа елдердің елшілері мен БАҚ өкілдері шайдың дәмін татып, шай мәдениетін тамашалады және ынтымақтастық туралы әңгімелесті. Жиын залының кіреберісінде Хэнанның жергілікті «Мишель Айс Сити» бренді қонақтарға жаңадан дайындалған шай сусындарын ұсынып, түрлі дәм сыйлады.
Қазіргі уақытта «Мишель Айс Сити» сыртқы нарықтардың кеңеюін жеделдетіп жатыр. Биыл 9 сәуірде Қазақстанның Алматы қаласы Сейфуллин көшесіндегі «Форум» сауда орталығында «Мишель Айс Ситидің» Орталық Азиядағы алғашқы дүкені сынақ ретінде ашылды. Балмұздақ бар болғаны 200 теңгеге (шамамен 2,8 юань), ал інжу сүтті шай 900 теңгеге сатылады. Ресми ашылған бірінші күннің өзінде-ақ тауар айналымы 30 000 юаньнан асты, ал бірінші айдағы тауар айналымы 430 000 юаньнан асты.
people.cn © People's Daily Online