- Барлық ақпарат
ҚКП Орталық комитеті партиядан тыс адамдардың симпозиумін өткізіп, экономикалық жұмыс туралы пікірлерді тыңдады
31 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 23 шілдеде Қытай Коммунистік Партиясының Орталық комитеті Бейжіңде партиядан тыс тұлғалардың симпозиумін өткізді. Онда ағымдағы экономикалық жағдай мен екінші жартыжылдықтағы экономикалық жұмыс туралы әрбір демократиялық партиялардың Орталық комитетінің, Бүкілқытайлық Өнеркәсіп және сауда федерациясы басшыларының және партияда жоқ адамдар өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.
Жиналысқа Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин төрағалық етіп, маңызды сөз сөйледі.
Си Цзиньпин біз екінші жартыжылдықта экономикалық жұмысты тиімді жүргізуіміз, орнықтылық барысында ілгерілеу сынды жұмыстың негізгі әуенінен жазбауымыз, саясаттың үздіксіздігі мен тұрақтылығын сақтап, икемділік пен болжамдылықты арттыруымыз керек, жұмыспен қамтуды, кәсіпорындарды, нарықтарды және болжамды тұрақтандыруға күш салып, тұтынуды тиімді арттырып, «қатерлі бәсекелестікті» жойып, ел ішіндегі үлкен айналымды іркіліксіздендіріп, ел іші және халықаралық қос циклды ілгерілетуіміз қажет. Сонымен бірге жылдық экономикалық және әлеуметтік даму мақсаттары мен міндеттерін орындауға күш салып, «14-інші бесжылдық жоспардың» сәтті аяқталуын іске асыруымыз керек деп атап көрсетті.
people.cn © People's Daily Online