- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин «15-інші бесжылдықтың» жоспарын әзірлеуде желі қолданушыларының пікірлерін мұқият зерделеуді талап етеді
5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин елдің «15-інші бесжылдығын» (2026-2030 жж.) тұжырымдау кезінде желі қолданушыларының ұсыныстарын мұқият зерттеп, онлайн режимінде пікір сұрауды талап етті.
Биыл 20 мамыр мен 20 маусым аралығында еліміз «14-інші бесжылдықты» дайындау туралы пікірлерді онлайн режимінде сұрай бастады және желі қолданушыларынан 3,113 миллионнан астам ұсыныстар алды.
Төраға бұл іс-шараға қатысушылықтың жоғары болуы және қатудың кең көлемде болғаны - бүкіл процесс бойынша халықтық демократияның жарқын тәжірибесі екенін атап өтті.
Си Цзиньпин тиісті ведомстволардан жоспарды дайындау кезінде халықтың құнды пікірлері мен ұсыныстарын мұқият зерделеуді және қабылдауды талап етті.
ҚХР Төрағасы барлық деңгейдегі партия комитеттері мен үкіметтерін халық арасына барып ауқымды және терең зерттеулер жүргізуге, халықтың дауысын тыңдауға, халық парасатын жинақтауға және халықтың жақсы өмірге деген ұмтылысын үнемі қанағаттандыруға шақырды.
people.cn © People's Daily Online