- Барлық ақпарат
Чэндудағы қала серуені: Спортты сүйетін Чэнду 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарды қарсы алады
6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань өлкесінің орталығы Чэнду қаласы халқының мейірімділігімен ғана емес, спортқа деген ынтасының жоғарылығымен де танымал.
2025 жылдың 7-17 тамыз аралығында 12-інші Дүниежүзілік ойындары осы қалада өтеді. Онда Олимпиадалық емес спорт түрлерінің алуан түрлілігі көрсетіледі және бүкіл әлемнен келген көрермендерге жастарға бағытталған жаңа іс-шаралар ұсынылады.
Гуйси экологиялық саябағы іс-шараға тамаша орта сыйлады, мұнда фрисби әуесқойлары жасыл желек жамылған көкорай шалғында өздерінің бағы мен бабын сынайтын болады.
Тяньфу саябағында фистболға арналған Қытайдың бірінші халықаралық стандартты табиғи көгал алаңы жарысқа барлық дайындықты аяқтады.
Бірақ одан да қызығы - бүкіл қаланың осы іс-шараға қалай дайындалып жатқандығы.
Саябақтар мен көшелерде сіз қаланың спортқа деген құштарлығының артып келе жатқанын сезіне аласыз. Доп ойнау, алаңдарда жүгіру, велосипедпен жүру болсын барлығынан осындағы халықтың өміршеңдігін, спортқа деген ұмтылысын көруге болады.
Чэнду қозғалады, бірақ тыныс алуында ешбір ентігіс жоқ. Ол құшағын жайып, Дүниежүзілік ойындарды қарсы алып отыр.
people.cn © People's Daily Online