- Барлық ақпарат
«Синьчжоу 60» азаматтық іздестіру-құтқару ұшағы құтқару құралдарын сынақ ретінде әуеден тастауын аяқтады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 тамыз
6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында қытайлық компания дербес әзірлеген «Синьчжоу 60» азаматтық іздестіру-құтқару ұшағы Ганьсудағы Цинян әуежайында құтқару құралдарын әуеден сынақ тастауды сәтті аяқтады.
Ұшақ сын-қатерлерге толы 100 метрлік өте төмен биіктікте құтқару құралдарын сәтті жеткізді.
«Синьчжоу 60» азаматтық іздестіру-құтқару ұшағы іздестіру-құтқару, апат болған жерді зерттеу және адамдарды тасымалдау сияқты функцияларды орындайды. Ол теңізде, үстірттерде, жер сілкіністері, су тасқынында және басқа да табиғи апаттар болған жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізе алады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online