Жылдың жақсы мезгілі : Күз басы (Лицю)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 тамыз

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Баршаңызға сәлем! Мен саяхатты жақсы көретін Сисимін! Бүгін - күз басы, күздің алғашқы шуақты мезгілі. Күздің басталғанын сезіну үшін менімен бірге Хэбэй өлкесінің Чэндэ қаласына сапарлаңыз!

«Ли» - басталу дегенді білдіреді; «Цю» (күз) - астықтың пісіп жетілгенін білдіреді. Күз басталғаннан кейін жылу мен салқындық кезектесіп отырады, «инь» мен «ян» бір-біріне алмасып, барлық тіршілік көркейіп-гүлденуден пісіп-жетілуге қарай өзгереді. Ежелгі заманнан бері күздің басы егін жинау маусымын белгілейтін егіншілік қоғамындағы маңызды кезең болды.

Осы уақытта Чэндэда серуендесеңіз, жазғы курорттағы майлы қарағайдың қою жасыл қылқан жапырақтары ашық көк аспанның түсіне бейімделеді, майлы қарағайлар сақиналары арқылы жылдың жиырма төрт амалын естелікке алып отырады. Қарағай бүршіктері тік салбырап, жұпар иісі жан-жаққа таралып тұрады, қарағайдың жарылған қабығынан аққан шайырлар алдағы қатал қысқа төтеп беруге дайындалған қарағай майы болмақ, «қарағайдың қайсарлығын» міне осыдан көре аласыз.

Күз басы - күздің жақындап келе жатқанын білдіреді, бірақ көп өңір әлі күнге дейін қапырық ыстық, температура тым жоғары – жолбарыстай айбарлы, сондықтан бұл кез «күз жолбарысы» деп те аталады. Демек күз басы – «ниеттің» бір түріне көбірек ұқсайды, күзге шынымен ену үшін уақыт қажет. «Күз басы келгенімен, аптап ыстық та сейілген жоқ» дейтіні содан. 

Күз басы кезеңіндегі көптеген халықтық әдет-ғұрыптар негізінен тамақтануға байланысты, мысалы, «күзгі тою» және «күзгі кеміру». Күзгі тоюдың бірінші таңдауы – етке тою, жазғы аптап ыстықтан болатын «денсаулық шығынының» орнын толтыру үшін ет жеу әдісін қолданады. «Күзді кеміру – күз басында қарбыз жеуді білдіреді. «Кеміру» сөзі адамдардың «жазғы ыстықты кеміріп, салқын күзді қарсы алуға» деген тілегін білдіреді.

Әр жылы күз басында Түрікменстанда жыл сайынғы қауын фестивалі өтеді. Адамдар тәтті және шырынды қауындар мен қарбыздарды көрсету және дәмін тату үшін жиналып, жер анаға алғыс айтып, егін жинау маусымын атап өтеді. Қытайлықтардың күз басы дәстүрімен тұспа-тұс келеді, қай мәдениет болсын, жыл амалының ырғағына құрметпен қарап, жақсы өмірге ұмтылады.

«Тауға жаңбыр жауып өтті жаңадан,

Күздің лебі білінеді ауадан».

Қай жерде болсаңыз да, осы бір жанға жайлы бейбіт сәтті достық ниетпен сізге жолдаймын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото