Шыңжаң электр желісінің энергия сақтау қоймасының белгіленген қуаты рекордтық деңгейге жетіп, 93,3%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 тамыз

7 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Алғашқы жеті айда Шыңжаң электр желісінің энергия сақтау қоймасының белгіленген қуаты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,3%-ға өсті.

6 тамызда тілші Мемлекеттік электр желісі Шыңжаң электр энергетикалық компаниясынан алған ақпаратқа сәйкес, шілде айының соңындағы жағдай бойынша Шыңжаң электр желісінің энергия қоймасының белгіленген қуаты 12,4118 миллион киловатт/41,2103 миллион киловаттқа жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,3%-ға өсті, бұл рекордтық көрсеткіш. Олардың ішінде биылғы алғашқы жеті айда жаңа энергия сақтаудың белгіленген қуаты 5,9813 миллион киловатт/19,8918 миллион киловатт болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото