Қазақстанның алтын қоры 7,4 тоннаға ұлғайған

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 тамыз

Алтынның бір грамы шамамен 58 011 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 7 тамызда алтын грамының бағасы 58 011,44 теңге болды.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 31 шілде күні бір грамм алтын 58 524,25 теңгеге тұрақтады.

Таяуда World Gold Council ұйымы, яғни Дүниежүзілік алтын кеңесі кейінгі айда Қазақстанның алтын қоры 7,4 тоннаға артқанын мәлімдеді. Осылайша ел резервіндегі алтынның жалпы көлемі 298 тоннадан асқан.

Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есептемегенде Қазақстан алтын қоры бойынша 18-ші орында тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото