Байқадамова Гуанчжоуға Сянь Синхайдың құнды мәдени жәдігерлерін сыйлады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 тамыз

8 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл Қытай халқының Жапонияға қарсы соғысы мен Дүниежүзілік Фашизмге қарсы соғыс жеңісінің 80 жылдығы, сондай-ақ халық композиторы Сянь Синхайдың туғанына 120 жыл толады. 7 тамызда қазақстандық композитор Бақытжан Байқадамовтың қызы Байқадамова ханым Гуанчжоуға қаласы фаньюй аумағындағы кітапханаға Сянь Синхайдан қалған құнды мәдени жәдігерлер партиясын сыйға тартты. Фаньюй - Сянь Синхайдың ата жұрты.

Байқадамова әкесі мен Сянь Синхайдың соғыс жылдарындағы достығын еске алып, бұл жолғы іс-шараны әкесінің аманаты әрі Қытай-Қазақстан достығын жалғауы екенін айтты.

Сыйға тартылған мәдени жәдігерлерге комозитордың орындықтары, сұхбат кітаптары, отбасылық мұрағаттар, сырттай қолжазбалар, естеліктері, сондай-ақ Сянь Синхайдың Қазақстанда болған кезінде жазылған қолжазбалары мен суреттері бар. Байқадамова жиналған жұртшылыққа осы жәдігерлердің тарихын таныстырды.

Фаньюй аумағының мұражайы Байқадамоваға Гуандун музыкасының мекені болған бұл жердің мәдени тамыры тереңде жатқан құтты мекен екенін көрсететін Гуандун музыкасының коллекциясын тарту етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото