- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 тамыз
11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 8 тамызда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдай қалай өрбігеніне қарамастан, Қытайдың Украинадағы дағдарысқа қатысты ұстанымы өзгеріссіз қалатынын және бейбіт келіссөз арқылы келісімге келуді жақтайтынын айтты.
Төраға Си күрделі мәселені қарапайым шешудің әдісі жоқ екенін атап өтіп, Қытайдың принципті ұстанымын түсіндірді.
Оның айтуынша, Қытай Ресей мен АҚШ-тың байланыстарды сақтап, қарым-қатынастарын жақсартып, Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге ықпал етіп жатқанына қуанышты.
Путин Си Цзиньпинді Ресейдің Украинадағы қазіргі дағдарыстық жағдайға көзқарасы және Ресей мен АҚШ арасындағы соңғы байланыстар туралы хабардар етті.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online