Армения мен Әзербайжан бейбітшілік декларациясына қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 тамыз

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы Декларацияға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Никол Пашинян мен Ильхам Әлиев қарама-қайшылықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы келісімге келді.

«Біз қайшылық пен қырғынның бетін ашып, балаларымыз үшін жарқын әрі қауіпсіз болашақ қамтамасыз етеміз», — деді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

«Бүгінгі мәлімдемелер Оңтүстік Кавказ тарихында бейбітшілік, өркендеу, қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастыққа арналған жаңа тараудың ашылып жатқандығына сенім береді», — деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

Ақпаратқа сәйкеғс, Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайтынын білдірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото