- Барлық ақпарат
Алматыда Абайдың жырлары қытай тілінде жаңғырды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 тамыз
Алматыда қазақ пен қытай мәдениетін тоғыстырған ерекше сәт орын алды. Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының өлеңін қытай тілінде өзі оқып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
– Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы. Ол Қытайда да өте танымал. Биыл біз оның туғанына 180 жыл толуын атап өтеміз, – деді Цзян Вэй, сөзін әуелі қытай, кейін қазақ тілінде жалғастырып.
Бас консул табиғат метафоралары мен терең философиялық толғамдары тоғысқан поэтикалық туынды «Тотығұс түсті көбелек...» оқып берді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online