- Барлық ақпарат
Биыл алғашқы жеті айда ШЫҰ демонстрациялық аймағының ШЫҰ елдеріне импорты мен экспорты 26,1%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 тамыз
11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Кедендік статистикаға сәйкес, биыл алғашқы жеті айда ШЫҰ демонстрациялық аймағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа мемлекеттерге импорт-экспорт сомасы 53,26 миллиард юаньға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1%-ға артық. Олардың ішінде экспорт 26,88 миллиард юаньды құрап, 21,5%-ға өсті; импорт 26,38 миллиард юаньды құрап, 31,0%-ға өсті. ШЫҰ демонстрациялық аймағындағы өнеркәсіптік агломерацияның артықшылықтары экспорттың қарқынды өсуіне ықпал етті. Тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар сияқты механикалық электр бұйымдардың экспорттық құны 13,8%-ға, тоқыма және тігін бұйымдарының экспорттық құны 27,6%-ға өсті.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online