Қытайда жасалған желдеткіші бар қалпақтарға шетелдік платформаларда сұраныс артты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Желдеткіші бар отандық қалпақтар Америка құрама штаттарының көптеген онлайн платформаларында жаппай сатыла бастады. Қытайда шығарылған өнім ашық аспан астында жұмыс істейтін адамдар мен саяхатшылар үшін күн мен аптап ыстықтан қорғанатын таптырмас құралға айналды. Шілде айының басынан бері заманауи қалпақтарға түскен тапсырыс көлемі 500 мыңнан асты, қазіргі уақытта тауарды жеткізіп үлгермей жатыр.

Жоба авторлары қалпаққа күннен қуат алатын шағын тақтайша, микрожелдеткіш пен сенсорлы технологияны үйлестіріп орнатқан. Осындай күнделікті өмірде қолданылатын техникалар дәстүрлі ыстықтан қорғану бұйымдарына өміршеңдік күш силады.

Ерекше қалпақ «әлемдік супермаркет» деп аталатын Чжэцзян өлкесінің Иу қаласында шығарылады. Цзян Юнтао Иу шаһарындағы күн желдеткіш қалпақ жасалатын зауыттың директоры. Отандық өнім әлемдік нарықта танылып сұраныс артқан соң Цзян Юнтао командасымен бірге қалпақтың жаңа түрін шығаруды көздеп отыр. Бұл жолы мамандар тауардың су бүркетін түрін жасамақшы. Тың тәсіл тек салқындатып қана қоймай маса мен шыбын-шіркейден қорғануға мүмкіндік береді.

Сұранысты нақтылап, нарыққа талдау жасау Иудың тауар нарығын одан әрі дамытуының сыры. Бүгінде Иу ұсақ-түйек өнімдер шығарылатын орталық ретінде әлемге әйгілі қала. Мұндағы үй шаруашылықтарының 50 пайыздан астамы ай сайын жаңа тауар түрлерін шығарады. Осы арқылы экономиканың негізгі ережесі расталғанын көруге болады. Инновация тек жоғары дәлдікке қатысты салаларда ғана емес, элементтерді тиімді үйлестіріп қажеттілікті қанағаттандыруға да байланысты. Сонымен қатар әл-ауқатты арттыратын кез келген тың жоба инновация саналады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото