- Барлық ақпарат
Бейжіңде робот тақырыбындағы алғашқы мейрамхана ашылды
11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылғы Дүниежүзілік робототехника конференциясының ашылуында Бейжіңдегі экономикалық және технологиялық даму аумағында орналасқан робот тақырыбына арналған алғашқы мейрамхана қонақтарға есігін айқара ашты. Қытайлық және шетелдік тұтынушылар технологияға толы бұл асханаға қызығушылықпен кірді.
Қазіргі уақытта мейрамхана тұтынушыларды тамақпен және қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі типтегі 20-дан астам жетілген роботты іске қосты.
Бұл мейрамхананың мәзірі де технологияға толы. Тұтынушылар тамақтанып алған соң, құймақ, кәуәп, кофе, сүт қатылған шай және т.б. сияқты тағамдар мен сусындардан дәм татуына болады, мұның бәрін «робот-аспаздар» дайындайды.
Асханадағы роботтар ансамблі қонақтарға арнап ән орындап берді.
people.cn © People's Daily Online