Биыл Қорғас порты арқылы 6000-нан астам Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 тамыз

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Үрімжі Мемлекеттік теміржол бюросынан алған ақпаратқа сәйкес, 8 тамыздағы жағдай бойынша Қорғас теміржол порты арқылы өткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының саны биыл 6000-нан асқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 46 күн бұрын орындалып, рекордтық көрсеткішке айналды.

Жыл басынан бері Шыңжаң Теміржол басқармасы «Ақылды порт» жобасының құрылысын бірлесіп ілгерілету үшін кеден, шекара инспекциясы, басқа ведомстволармен үйлестіруді және ынтымақтастықты нығайтып, «Ақылды теміржол порты + аумақтық жедел кедендік рәсімдеу» моделін Қорғас станциясында жүзеге асырды. Кәсіпорындар жүйе арқылы электронды деректерді алдын ала жібере алады, ал кедендік интеллектуалды тексеру жүйесі манифест деректерін автоматты түрде тексереді. Портта импортталатын тауарлардың өту уақыты 2-3 күннен 16 сағатқа дейін қысқарады, ал сапардан қайтқан Қытай-Еуропа пойызының жүктерін орта есеппен 2 сағатта ауыстырып болады. Сонымен қатар теміржол ақпараттарын алмасу теміржол департаменттеріне пойыздарды нақты уақыт режимінде рәсімдеуді, көлік құралдары айналымының тиімділігін 20%-дан астамға арттыруға мүмкіндік берді. Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының орташа тәуліктік қозғалысы 27-ден асты.

Осы уақытқа дейін Қорғас теміржол порты арқылы барлығы 48 000 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы өтіп, 89 бағыт ашып, шекарадан тыс 18 елге және 46 қала мен аймаққа жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото