- Барлық ақпарат
2025 жылы АСЕАН-ге бағытталған «AI+трансшекаралық электронды коммерция» инновацияны қолдану байқауы ресми түрде ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 тамыз
13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылы АСЕАН-ге бағытталған «AI+трансшекаралық электронды коммерция» инновацияны қолдану байқауына тіркелу арнасы ресми түрде ашылды. «AI+трансшекаралық электронды коммерция әлемде сауда жасауды қолайлы әрі әдемі етеді» тақырыбымен бұл байқау Халықаралық қойма және логистикалық альянс (IFWL), жаһандық электрондық коммерция бойынша Білім беру және дамыту альянсы сияқты салалық ұйымдарды біріктіреді. Іс-шараның мақсаты байқаулар арқылы техникалық алмасулар мен өнеркәсіптік қондыру алаңын құруға бағытталған. Сөйтіп «Бейжің-Шанхай-Гуанчжоуда зерттеп-әзірлеп + Гуансида интеграциялап + АСЕАН-да қолдану», «АСЕАН-да өндіріп, Гуансиде таратып, Қытайда ең көп сату» сынды жағдайды жүзеге асыруға көмектеседі.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online