Қазақстан әуе жолаушыларын тасымалдау бойынша рекорд жаңартты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 тамыз

2025 жылғы шілдеде Қазақстан әуе компаниялары 1,7 млн жолаушы тасымалдап, 2024 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда көрсеткішті 12,9%-ға арттырды. Бұл – 2007 жылдан бері бір айдағы ең жоғары нәтиже, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушы айналымы да рекордқа жетті – 3,4 млрд жолаушы (+6,9% жылдық өсім). Қаңтар-шілде аралығында 8,9 млн адам ұшып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға артық. Осы кезеңдегі айналым – 17,6 млрд п-км (+8,9%).

Шілдеде жолаушылар тасымалынан түскен табыс 113 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 15,6%-ға өсті. Жыл басынан бері табыс көлемі жарты триллион теңгеден асып отыр (+0,9%).

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото