- Барлық ақпарат
Қытай Орталық Азиямен авиация саласын дамытуға ниетті
ҚР Астана қаласында өткен 2-ші Қытай–Орталық Азия (C5+1) азаматтық авиация ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобы конференциясында Қытай азаматтық авиация әкімшілігінің Халықаралық байланыстар департаменті бас директорының орынбасары Бай Вэньли екіжақты және көпжақты әріптестікті нығайту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Қытай мен Орталық Азия елдерінің азаматтық авиация органдары, әуе қозғалысын басқару құрылымдары, әуе компаниялары мен әуежай өкілдерінің басын қосқан жиынды ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.
«Жуырда Астанада өткен 2-ші Қытай–Орталық Азия саммитінде мемлекет басшылары көлік байланысын нығайтуға, соның ішінде Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тікелей рейстер санын арттыруға уағдаласты. Авиация – Еуразия көлік хабын қалыптастырудағы маңызды тірек, сондықтан ынтымақтастық әлеуеті өте жоғары», – деді Бай Вэньли.
people.cn © People's Daily Online