Jibek Joly туристік пойызы Азияның мәдени мұрасын дәріптеуге аттанады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 тамыз

21-26 қыркүйек күндері Jibek Joly 5.0 туристік пойызы кезекті сапарына аттанады. Бесінші рет ұйымдастырылып отырған тур Орталық Азия өңірінің мәдени-тарихи орталықтарын байланыстырады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.

Атап айтқанда, бағыт Қазақстанның Алматы қаласынан басталып, Түркістан, Отырар, Өзбекстанның Самарқан, Бұқара және Ташкент қалаларын қамтиды. Жоба Орталық Азияның мәдени мұрасын дәріптеу және өңірлер арасындағы туристік ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, Қазақстандағы туроператорлар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқаруымен жүзеге асырылып жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото