- Барлық ақпарат
Қытай Қазақстанда мақта өсіріп-өңдейтін бірегей кешенді құрылысқа атсалысады
Қытайлық Xinjiang li Hua Group холдингі мен Қазақстанның «Бәйтерек» Ұлттық холдингі тоқыма саласындағы ірі жобаны іске асыруды бастады, деп хабарлайды Sputnik.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен Xinjiang li Hua Group қытай холдингінің қазақстандық еншілес құрылымы - «Kazakhstan lihua» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Оған сәйкес тараптар ауқымды ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік бастамаларды іске асырады.
Жоба жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндірудің толық циклі — мақта шаруашылығынан бастап тоқыма бұйымдарын жасауға дейін, содан кейін оларды сыртқы нарықтарға жеткізуді көздейді.
Жобаның маңызды құрамдас бөлігі - суару жабдықтарын дайындау, шикізатты қайта өңдеу және тоқыма өнеркәсібінің заманауи кәсіпорындарын салу.
people.cn © People's Daily Online