- Барлық ақпарат
Қытайда әлемдегі алғашқы ЖИ негізіндегі селекциялық робот жасалды
13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай ғалымдары ауыл шаруашылығы дақылдарын айқас тозаңдандыруға арналған әлемдегі алғашқы жасанды интеллект негізіндегі роботты жасап шығарды.
Жаңа технология GEAIR деп аталады(Genome Editing combined with AI-based Robotics — Геномды өңдеу мен жасанды интеллектке негізделген робототехниканың бірігуі) . Бұл аппарат өздігінен қозғалуға және айқас тозаңдандыруға қабілетті, бұл өз кезегінде өнімділікті арттыруға, селекция шығындарын азайтуға және жаңа сорттарды шығару уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Жоба Қытай ғылым академиясына қарасты Генетика және даму биологиясы институтының зерттеу тобы тарапынан іске асырылған.
Технология сояға сәтті сынақтан өткізілді. Жасалған еркек стерильді жүйе Қытайға бұл дақыл бойынша будандастырылған селекцияда көшбасшылықты иеленуге және өнімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр. Алдағы уақытта бұл технологияны басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына да бейімдеу жоспарда бар.
people.cn © People's Daily Online