- Барлық ақпарат
Мария Мудряк Қытайдағы гастрольдік турын аяқтады
Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қытайдағы гастрольдік турын аяқтады. Концерттер басты опера сахналарында – Бейжіңдегі Ұлттық өнер орталығында және Сиань қаласындағы Grand Opera House сахнасында өтті, деп хабарлады KAZINFORM.
– Бұл – әншінің Қытайдағы бесінші гастролі. Өнерпаз Моцарттың «Фигароның үйленуі» операсындағы графиня Альмавива партиясын алғаш рет орындады. Бұған дейін ол осы қойылымдағы Сюзанна партиясын шырқаса, ал биыл алғаш рет көрерменге графиня образында шықты. Бұл кейіпкердің терең әрі қарама-қайшы сезімдері спектакльге ерекше драмалық әсер мен эмоциялық тереңдік берді, - деп жазылған хабарламада.
Мария Мудряк Қазақстанда дүниеге келген. 10 жасынан бастап Италияда вокалдан дәріс алған, кейін Миландағы Дж. Верди атындағы консерваторияны тәмамдады.
Қазір ол әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетіп жүр және әлемдегі ең үздік он сопраноның бірі саналады.
people.cn © People's Daily Online