Қазақстан - Қытай шекарасындағы «Қалжат» және «Нұр Жолы» өткізу пункттері жаңғыртылатынын мәлімдеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 тамыз

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Жандос Дүйсембиев Қазақстан - Қытай шекарасындағы «Қалжат» және «Нұр Жолы» өткізу пункттерін тексерді, деп хабарлайды Sputnik.

Олар бекеттердің жұмысын талдап, мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалады және тиімділікке әсер ететін факторларды анықтады. Цифрландыру және техникалық мүмкіндіктерді одан әрі кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ҚР Жетісу облысындағы «Нұр Жолы» өткізу пункті — Қазақстан мен ҚХР арасындағы тұрақты сауданы қамтамасыз ететін еліміздегі ең ірі пункттердің бірі. Алматы облысындағы «Қалжат» бекеті экспорттық-импорттық операциялар мен транзитті ресімдеуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ өңірдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымының негізгі элементі.

«Көшпелі кеңестердің қорытындысы бойынша кеден бекеттерінің басшыларына құрылыс жұмыстарын жеделдету және қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді», - деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрлігі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото