Қытайда «Әуе Жібек Жолының құрылысы мен дамуы туралы есеп» жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 тамыз

14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың азаматтық авиация басқармасы мен ҚХР Ұлттық Даму және реформалар жөніндегі комитеті бірлесіп «Әуе Жібек Жолының құрылысы мен дамуы жөнінде есеп» шығарды.

«Даму есебіне» сәйкес, Қазіргі уақытта Қытайда «Бір белдеу, бір жолды» бірге салатын елдерге тұрақты 61 жолаушылар рейсі бар, ал жүк тасымалына арналған рейстер саны 33.

2025 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша Қытай «Бір белдеу, бір жолды» бірге салатын елдердің 70%-ға жуығын қамтитын 107 елмен үкіметаралық әуе көлігі туралы келісімдерге қол қойды.

2017 жылдан бастап 2025 жылдың маусым айының соңына дейін Қытай мен «Бір белдеу, бір жолды» бірге салатын елдердің барлығы 1,559 миллион рейсті орындап, 200 миллион жолаушыны және 5,951 миллион тонна жүк пен пошта тасымалын аяқтады. Бұл жалпы халықаралық әуе тасымалының сәйкесінше 59,3%, 59,2, 25,8%-ын құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото