- Барлық ақпарат
Қытайдың жалпы есептеу қуаты әлемде екінші орында
14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық Даму және реформа комитеті партия ұжымының мүшесі, Ұлттық деректер басқармасының директоры Лю Лехун 14 тамызда Мемлекеттік кеңестің ақпарат кеңсесі өткізген «14-інші Бесжылдық жоспарын сапалы атқару» тақырыбындағы бірқатар баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. «14-інші Бесжылдық» кезеңінде Қытайдың цифрлық инфрақұрылымы қарқынды дамуға қол жеткізді. Қытайдың цифрлық инфрақұрылымы ауқымы мен технологиясы бойынша әлемде жетекші орында көш бастап келеді. 2025 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша 5G базалық станцияларының жалпы саны 4,55 миллионға, ал гигабиттік кең жолақты интернетті пайдаланушылар саны 226 миллионға жетті. Жалпы есептеу қуаты әлемде екінші орында тұр, бұл экономикалық және әлеуметтік дамуға тиімді ықпал етті.
people.cn © People's Daily Online