Қытай шетелдік жас ғылыми-техникалық таланттарға «К» визасын береді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 тамыз

15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Мемлекеттік Кеңестің «Қытай Халық Республикасының шетелдіктердің кіруі мен шығуын басқару туралы ережелеріне» өзгерістер енгізу туралы шешімі жарияланды. Онда Қытайдың қарапайым визалық санатына жаңа «К» визасы қосылып, елге кіретін жас шетелдік ғылыми-техникалық таланттарға берілетіні туралы айтылды.

Құжатта «К» санатындағы визаға өтініш беруші Қытай Үкіметінің тиісті құзыретті ведомстволары белгілеген жас шетелдік ғылыми-техникалық таланттардың шарттары мен талаптарын қанағаттандырып, қажетті растайтын материалдарды ұсынуы керек екені көрсетілген.

Ережелер 2025 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото