2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 тамыз

ҚР Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға өскен, деп хабарлайды KAZINFORM.

Тауар өндіру көлемі 8,3%-ға, қызметтер 5,2%-ға, өнеркәсіп 6,9%-ға артты.

ЖІӨ-нің өсуіне ең көп үлес қосқан салалар: көлік және қойма – 22,5%, құрылыс – 18,5%, көтерме және бөлшек сауда – 8,6%, тау-кен өнеркәсібі – 8,5%, өңдеу өнеркәсібі – 6,1%.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото