Қазақстанда биыл 13,8 млн тонна жем-шөп дайындалды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 тамыз

25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 13,8 млн тонна жем-шөп дайындалды, деп хабарлайды Sputnik ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл – жоспарланған көлемнің 53,8%-і. Сонымен қатар 1 млн тоннадан астам сүрлем дайындалды, бұл да жоспардың 59,9%-і.

«Республикалық жоспарға сәйкес, алдағы қысқы қора маусымына 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем, 4,6 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна силос дайындау қажет», - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда биыл мал азығына арналған дақылдар егілген алқаптың жалпы көлемі – 3,3 млн гектар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 127,9 мың гектарға артық.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото