- Барлық ақпарат
9 қазақстандық кәсіпорын Қытайдың тамақ өнімдеріне жатпайтын тауарлар тізіліміне енді
Алғаш рет 9 қазақстандық кәсіпорын Қытай Халық Республикасының азық-түліктік емес тізіліміне енгізілді. Бұл қадам қазақстандық өнім өндірушілерге мал шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына экспорттауда жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл туралы АШМ мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.
— Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты сауда әлеуетін дамыту шеңберінде, сондай-ақ барлық техникалық және құқықтық аспектілерді келісу және талқылау нәтижелері бойынша 2024 жылғы қарашада ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында ірі қара малының терісіне қатысты хаттамаға қол қойылды, — делінген хабарламада.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ҚХР-ның азық-түліктік емес тізіліміне 9 қазақстандық кәсіпорын енгізілді. Оның ішінде 7 компания ІҚМ терісін жинау, өңдеу және экспорттаумен, ал 2 компания артемия цистасын өндіру және экспорттаумен айналысады.
people.cn © People's Daily Online