Chery мен Astana Motors Алматыдағы автокөлік өндірісінің локализациясын арттырмақ

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 тамыз

14 тамызда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың Chery брендінің бас директоры, Chery International вице-президенті Шаодун Чжу мырза мен Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаевтың жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының автокөлік жасау саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Алматының Индустриалды аймағындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында Chery үлгілерін өндіруде қазақстандық құрамдастарды пайдалану туралы келісті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото