Шілде айында ақылды ұшқышсыз ұшу аппараттары мен көлік жабдықтарын өндірудің қосымша құны сәйкесінше 80,8%-ға және 21%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 тамыз

15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шілде айында Қытайдың ауқымды цифрлық өнімдер өнеркәсібінің қосылған құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға өскен. Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы нақты экономикамен тығыз байланысты болды. Қолдану сценарийлері үздіксіз байытылып, әртүрлі интеллектуалды терминал өнімдері барған сайын танымал бола бастады. Бұл жөнінде Ұлттық Статистика Бюросының өкілі Фу Линьхуэй хабарлады.

Деректер Қытайда интеллектуалды ұшқышсыз ұшу аппараттары мен интеллектуалды көлік жабдықтарын өндірудің қосымша құны шілде айында сәйкесінше 80,8%-ға және 21% - ға өскенін көрсетті. Ал өнеркәсіптік роботтар мен азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараттары сияқты интеллектуалды өнімдердің өндірісі сәйкесінше 24%-ға және 18,9% - ға артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото