- Барлық ақпарат
2025 жылдың алғашқы жеті айында Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағындағы TIR жүк көліктерінің тасымалдау көлемі айтарлықтай артты
15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша Шаньдун өлкесінің Циндао қаласындағы Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағынан 239 TIR халықаралық жүк көліктері жолға шығып, 134,3%-ға өсті.
Деректерге сәйкес, осы көліктермен тасымалданатын жүктердің көлемі 156 миллион юаньды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 190,5%-ға өскен.
TIR - бұл елдер арасында жүктерді тасымалдауды жеңілдететін халықаралық жүйе. Осының бір бөлігі ретінде тауарлар жолға шығардан бұрын мөрленіп, тек межелі жерге жеткенде ғана тексеріледі. Ал аралық шекара бекеті, өткізу пунктінің қызметкерлері тек TIR кітабындағы деректерді және көлік құралындағы кедендік мөрді қадағалайды. Бұл уақыт үнемдеп кедендік рәсімдеулерді жеңілдетеді. Сондай-ақ жүктердің зақымдалуын айтарлықтай азайтады.
Қазіргі уақытта Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағында TIR жүйесі бойынша автомобиль жүктерін тасымалдаудың 4 бағыты бар. Оған Қытай-Ресей, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан және Қытай-Қазақстан бағыттары кіреді. Қазір олар азық-түлікті, механикалық және электр жабдықтары сынды тауарлардың 40 түрін тасымалдайды.
Жақында TIR жүйесі аясында азық-түлік, электр жабдықтары мен өзге де тауар тиелген жүк көліктері Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағынан жолға шығып Мәскеуге аттанды. Тауардың жалпы құны шамамен 1,3 миллион юаньды құрайды. Бұл көлік Ресей астанасына 9 күн ішінде жетеді деген болжам бар.
Қазіргі уақытта орта есеппен TIR жүйесі бойынша осы арадан күніне кем дегенде бір көлік Ресейге немесе Орталық Азияға жолға шығады.
people.cn © People's Daily Online