- Барлық ақпарат
Тяньцзинь қаласының қала бастығы Чжан Гун Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесті
18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 15 тамызда Тяньцзинь қаласының қала бастығы Чжан Гун Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев бастаған делегациямен кездесті. Чжан Гун екі мемлекет басшыларының көреген басшылығымен Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы жоғары сапада дамып, Тяньцзинь мен Қазақстан сауда, өнеркәсіп, кәсіптік білім беру және басқа салалардағы ынтымақтастықта керемет нәтижелерге қол жеткізгенін айтты. Тяньцзинь ШЫҰ саммитіне белсенді түрде дайындалуда және саммитті Қазақстанмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдету және екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қызмет ету мүмкіндігі ретінде пайдалануға дайын екенін жеткізді. Шахрат Нұрышев Лубань шеберханасын салу сынды екі жақтың ынтымақтастық жетістіктерін жоғары бағалап, сауда, порт, білім, мәдениет және басқа салалардағы алмасуларды тереңдетуді жалғастырды күтетінін айтты.
people.cn © People's Daily Online