- Барлық ақпарат
Шәуешекте 5282 адамнан тұратын аккордеон ансамблі Гиннесс рекордын орнатты
18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Шәуешек қаласында дүниежүзілік рекорд тіркелді. Шыңжаңның Шәуешек қаласы бесінші аккордеон мәдениеті халықаралық өнер фестивалінде 5282 адамнан тұратын ансамбль бір мезетте аккордеонда ойнап әлемді таң қалдырды. Өнер ұжымы «Ең ауқымды аккордеон ансамблі» номинациясы бойынша кітапқа сәтті енді. Бұл жөнінде Гиннестің рекордтар кітабының сертификаттау жөніндегі қызметкері 17 тамыз күні ресми мәлімдеді. Оған 10 000-ға жуық көрермен куә болды.
5000-нан астам өнерпаз атақты дирижёр Ли Цунның жетекшілігімен
«Менің отаным» әнін орындады. Орындауға 5 жастағы баладан 86 жастағы қарияға дейін қатысты. Олардың қатарында Қытайдың түпкір-түпкірінен келген әуесқойлар бар. Одан бөлек Ресей, Қазақстан, Италия сияқты елдерден белгілі сазгерлер арнайы келді.
people.cn © People's Daily Online