Үрімжі-Дубай халықаралық жүк тасымалы бағыты ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 тамыз

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Үрімжі Тяньшань әуежайының кеденінен алған ақпаратқа сәйкес, 16 тамызда Шыңжаңның маусымдық жаңа піскен 18,49 тонна жемістері мен кептірілген жемістерін тиеген арнайы жүк ұшағы Үрімжі Тяньшань Халықаралық әуежайынан ұшып, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әл-Мактум халықаралық әуежайына тікелей бағыт алды. Бұл Үрімжі-Дубай халықаралық жүк маршрутының ресми ашылғанын білдіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото