Қытай тарапы Қазақстанның Ақтөбе облысында салған жел энергетикасы жобасы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 тамыз

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық China Electric Construction EPC компаниясы жылдық қуаты 150 мегаватт болатын жел электр станциясын Қазақстанда іске қосты. Инвестжоба Ақтөбе облысы Хромтау қаласында жүзеге асырылды. Келісімшартқа сәйкес алғашқы кезеңде 8 жел турбинасы электр энергиясын өндіру үшін желіге сәтті қосылды.

Бұл аймақтағы орташа жылдық температура шамамен 5,8℃, қысы ұзақ әрі суық. Жобада қуаттылығы 6,25 мегаватт болатын барлығы 24 бір блокты желпарақ орнатылды. Қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы салынып жатқан жел энергетикасының ең ірі жобасы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото