Қазақстан қытайлық А-1 авиациялық отынын қабылдайтын инфрақұрылым құрылысын бастайды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 тамыз

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң газетінің хабарлауынша, жақында Қазақстанның Қарағанды облысында Қытайдан А-1 авиациялық отын жеткізу инфрақұрылымының құрылысы басталды.

Жобаны штаб-пәтері Қытайдың Шыңжаңындағы Үрімжі қалаларында орналасқан бірқатар компания Қазақстан әуежайымен және PetroChina International Kazakhstan қомпаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Jet A-1—Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) стандарттарына сәйкес келетін отын. Оның негізгі артықшылықтарына өрт қаупінің төмендігі, пайдаланылған газдар шығарындыларының төмендігі және авиациялық қозғалтқыштарды күрделі жөндеу циклін ұзарту мүмкіндігі жатады.

Баяндамада жобаны іске асыру Қазақстандағы авиациялық отын тапшылығын тиімді түрде азайтуға және Жібек жолы экономикалық белдеуі аймағындағы энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылған.

Инфрақұрылым құрылысы аяқталғаннан кейін ол Қытай Ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) еншілес кәсіпорны Карамай қаласындағы Душаньцзы Мұнай-химия компаниясы жеткізетін А-1 авиациялық отынын қабылдау, сақтау және толтыру үшін пайдаланылады.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады:

Бірінші кезең: 2025 жылдың аяғынан 2026 жылдың басына дейін аяқталады деп күтілетін жобалау жұмыстары мен жабдықты монтаждау.

Екінші кезең: мұнай сақтауға арналған резервуарлар мен қосалқы ғимараттардың құрылысы, оны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Үшінші кезең: 2027 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп күтілетін мұнай сақтау қуатын одан әрі кеңейту.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото